Американың әйгілі The Ring журналы орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыға көтерілді.

Екінші орында Доминикан Республикасынан Карлос Адамес, үшінші – кубалық Эрисланди Лара.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті келесідей:

  1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),
  2. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),
  3. Эрисланди Лара (Куба),
  4. Сергей Деревянченко (Украина),
  5. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания),
  6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),
  7. Элайджа Гарсия (АҚШ),
  8. Феликс Кэш (Ұлыбритания),
  9. Лиам Смит (Ұлыбритания),
  10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).