Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Тунисте өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анна ширек финалда Ресей өкілі Александра Пановамен жұптасып, Сара Эррани (Италия)/Ясмин Паолини (Италия) дуэтінен 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Спортшылар кортта бір сағат өткізді.