«Химки» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Финляндияға қарсы матч туралы пікір білдірді.

– Лев, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы бірнеше сөз айта аласыз ба?

– Ойын өте қиын болды, себебі Финляндия – мықты ойыншылары бар команда. Бірақ ең бастысы жеңіске жетіп, алға жылжи алдық. Екі қорытынды ойын қалды, бәрі бізге байланысты болады. Құдай қаласа, бәрі ойдағыдай болып, елді, жанкүйерлерімізді жеңістермен қуантамыз.

– Екі тур қалды, оның бірін финал деп атауға болады – Словениямен кездесу. Жалпы, алдағы ойындардан не күтесіз?

– Иә, бұл біз үшін карьерамыздағы ең маңызды екі ойын болуы мүмкін және біз оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз.

Фото: ҚФФ