Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ресейлік Александр Шевченкомен жұптасып, Антверпенде (Бельгия) өтіп жатқан ATP-250 турнирінің ширек финалдық кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда Бублик пен Шевченконың қарсыластары польшалық Уго Нис пен ұлыбританиялық Ллойд Гласспул болды. Кездесуде Бублик/Шевченко жұбы қарсыластарына 6:3, 6:3 есебімен жол берді.

Матч 50 минутқа созылды.