Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда португалиялық Франсишку Кабраль – ұлыбританиялық Анри Паттенмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте А.Голубев пен Д.Молчановтың мерейі үстем болды – 7:6 (7:4). Екіншісінде португалиялық-ұлыбританиялық дуэт есе қайырды – 7:6 (7:3).Супер тай-брейкте Голубев – Молчанов жеңісті жұлып алды – 10:8.

Екі сағат 8 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық-украиналық жұп 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Андрей Голубев – Денис Молчановтың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.