Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Жәнібек Әлімханұлының белбеу біріктіру жекпе-жегінде неміс Винченцо Гуальтиериді жеңгені туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иә, жекпе-жекті көрдім. Жәнібек үшін тамаша және әдемі жеңіс, Жәнібекті құттықтаймын. Оның абсолютты әлем чемпионы атана алатынына сенемін. Өйткені оның әлеуеті өте зор», – дейді Жүсіпов.

Айта кетейік, 15 қазан таңда Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтиериді мерзімінен бұрын жеңіп, оған тиесілі IBF белбеуін жеңіп алды. Осылайша, Жәнібек орта салмақтағы WBO және IBF титулдарының иегері атанды.