Әлем чемпионатының іріктеуіндегі Перу мен Аргентина матчында екі фанат алаңға жүгіріп шықты. Екеуі де Лионель Мессимен суретке түскісі келген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Стадион қызметкерлері бір жанкүйерді ұстап, алаңнан шығарып жіберді. Сол кезде екінші фанат жүгірген, ал сол сәтте оны Перу құрамасының қақпашысы Педро Гальесе ұстауға тырысты.

Голкипер фанатты тоқтатты. Жанкүйердің телефоны түсіп қалған, Гальесе оны көтеріп, лақтырып жіберді.