Бүгін, 18 қазанда Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 4-ші турында Перу құрамасын (2:0) ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчта шабуылшы Лионель Месси дубль жасады. Осылайша, 36 жастағы футболшы Оңтүстік Американың іріктеу турнирлерінде соғылған голдар саны бойынша рекордшы атанды. Месси әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Аргентина құрамасы үшін 31 гол соқты. Екінші орында Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес (29 гол).

Месси ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2005 жылы 17 тамызда өткізді. 18 жыл ішінде футболшы 178 матч өткізіп, 106 гол соғып, 56 нәтижелі пас берді. Аргентина құрамасымен Месси Америка кубогын (2020/2021) және әлем чемпионатын (2022) жеңіп алды.