Лимада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аяқталды, онда Аргентина сырт алаңда Перу құрамасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі голды да аргентиналық шабуылшы Лионель Месси соқты.

Аргентина 4 матчтан кейін 12 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Перу 9-орында (1 ұпай).