Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уругвайға қарсы ойынның бірінші таймында жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы бразилиялықты 2-минутта Ришарлисон ауыстырды. «Аль Ахли» ойыншысы ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен кетті. Неймар көз жасын тыя алмады.

Айта кетейік, бұл ойында Бразилия 0:2 есебімен жеңіліп қалды.