Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Финляндияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хельсинкиде өткен матч 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Бірақ екінші таймда біздің құрама нағыз мінез танытты. Бактиер Зайнутдиновтің қос голы Қазақстан құрамасына аса маңызды 3 ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасын қоржынында 15 ұпай бар, Еуро-2024 жолдамасы үшін таласты жалғастырады.

Еуро-2024. Іріктеу. 8-тур. Н тобы.

Финляндия – Қазақстан – 1:2 (1:0)

Гол: Тейлор 28 (1:0), Зайнутдинов 77 (пенальти - 77), Зайнутдинов 90 (1:2)

Төреші: Пельто (Босния және Герцеговина)

17 қазан. Хельсинки. «Олимпийский» стадионы