Босния мен Герцеговина мен Португалия құрамасы арасындағы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы кезінде жанкүйер Криштиану Роналдумен суретке түсу үшін алаңға жүгіріп шықты, деп хабарлайды Propsorts.kz.

Бес дүркін «Алтын доптың» иегерімен фотоға түсу үшін «Аль-Наср» жейдесін киген жанкүйер селфи жасау үшін футболшының артынан жүгірген. Бірақ стюарттар қуып жетіп алды. Сол кезде жанкүйер Португалия құрамасының капитанының аяғын басып кеткен.