Швециялық екі жанкүйерге оқ атқан ер адам полицейлерді ұстау кезінде кеуде тұсынан алған оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, ер адам жедел жәрдемде жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Қылмыскердің жеке басы бұрын анықталған. Бұл Тунис ұлтынан шыққан Лассуед Абдеслам болып шықты. Ол баспана іздеуші болған және қарудың бірнеше түріне ие болған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 16 қазан күні Брюссельде (Бельгия) Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгия - Швеция матчы алдында шведтік екі жанкүйер оққа ұшқан болатын. Бірінші таймнан кейін ойын тоқтатылып, қайта жалғасқан жоқ. Үзіліске дейін командалар гол алмасты – 1:1.