2023 жылғы әлемнің үздік теннисшілерінің жүлде қоры белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz «Tennisology» телеграм-каналына сілтеме жасап.

Әлемнің ең үздік теннисшісі беларусьтік Арина Сабаленка бірінші орын алды. Ол 7,3 миллион доллар (3 481 788 716 теңге) табыс тапты. Екінші орында US Open чемпионы, АҚШ-тан келген 19 жастағы Коко Гауфф – 5,5 миллион доллар (2 623 265 471 теңге). Үздік үштікті 5,4 миллион доллармен (2 575 569 735 теңге) әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентек жапты.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4,6 миллион доллар (2 194 003 848 теңге) табыс тауып, 4-орында тұр.

WTA

1. Арина Соболенко — $7,3 млн

2. Коко Гауфф — $5,5 млн

3. Ига Швентек — $5,4 млн

4. Елена Рыбакина — $4,6 млн

5. Маркета Вондроушова — $4,2 млн

6. Джессика Пегула — $4,1 млн

7. Каролина Мухова — $2,8 млн

8. Онс Жабер — $2,7 млн

9. Петра Квитова — $2,4 млн

10. Мэдисон Киз — $2,3 млн