Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Испания құрамасы Норвегиядан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform.

Жанкүйерлер қазанның 13-інен 14-іне қараған түні А тобындағы Норвегия мен Испания кездесуін асыға күтті.

Испаниялық футболшылар Еуропа чемпионатының финалдық сатысына жолдама алу үшін әрбір ойында жеңіске жету жолын іздеп келеді. Сондықтан Норвегиямен кездесуде де үш ұпай олжалауға күш салатыны анық еді.

Алғашқы минуттан қарсыластар қақпасы маңында бой көрсеткен оларға норвегиялық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. Кейбір сәтте алаң иелері қорғаныс шебінде сауатты ойын көрсете білді.

Ойынның 49-минутында Гави соққан гол Испанияға жеңіс алып келді.

Осылайша испаниялық футболшылар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, өз тобында бірінші орынға көтерілді.

15 қазандағы барлық ойын нәтижеcі:

А тобы: Грузия - Кипр 4:0, Норвегия - Испания 0:1D тобы: Уэльс - Хорватия 2:1, Түркия - Латвия 4:0E тобы: Чехия - Фарер аралдары 1:0, Польша - Молдова 1:1 I тобы: Швейцария - Беларусь 3:3, Румыния - Андорра 4:0, Косово мен Израиль кездесуі кейінге қалдырылды.

Енді 16 қазанда B, F, J топтарында кезекті тур ойындары өтеді.