Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының 4-турының матчы өтті, онда Рахмет пен «Қайрат» АФК кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы клубы қарсыласын 10:0 есебімен ойсырата ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше клубтар 3-турдың матчын өткізіп, ол матч та «Қайраттың» ірі жеңісімен (7:2) аяқталған болатын.

«Рахмет» – «Қайрат» 0:10

Гол соққандар: Денер (0:1), Эдсон (0:2), Эдсон (0:3), Педро (0:4), Шушу (0:5), Тұрсағұлов (0:6), Ақбалықов (0:7), Шушу (0:8), Рашит (0:9), Эдсон (0:10).