Дания құрамасының бас бапкері Каспер Джульман 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстанмен өткен ойыннан (3:1) кейін команданың өтініміне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Даниялық жаттықтырушы шабуылшы Каспер Долбергке отбасымен – жаңа туған егіздермен және сүйікті жарымен бірге болу үшін Бельгияға үйіне баруға рұқсат берді. Оның орнына жартылай қорғаушы Мэтт О'Рейли ұлттық құрамаға шақырылды.

Қазанның 17-нен 18-іне қараған түні Дания құрамасы сырт алаңда Сан-Марино командасымен ойнайды. Қазақстан құрамасына келсек, Хельсинкиге барады, онда 17-сі күні Финляндия құрамасымен матч өткізеді.