Германия құрамасы АҚШ құрамасын жолдастық кездесуде ұтты, матчта 3:1 есебімен немістердің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар сапында Илкай Гюндоган, Никлас Фюллкруг және Джамал Мусиала мергендік танытты. АҚШ құрамасының жалғыз голын Кристиан Пулишич соқты. Бұл Германияның бас бапкер Юлиан Нагельсманның баптауындағы алғашқы жеңісі.

Еске сала кетейік, қазан айында Германия құрамасы екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. 18 қазанда немістер Мексика құрамасымен кездеседі. Юлиан Нагельсманның командасы осылайша Германияның футбол алаңдарында өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатына дайындықты жалғастырады.