Whoscored.com және Sofascore.com статистикалық сайттары футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Дания құрамасына қарсы өткен ойында (1:3) Қазақстан құрамасының ойыншыларына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үзілістен кейін бірден алаңға шығып, гол соққан қорғаушы Ян Вороговский Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды. Ол SofaScore-тан 7,5 және WhoScored-тен 7,3 ұпай алды. Қақпашы Игорь Шацкий ең нашар футболшы деп танылды – SofaScore оған 5,9 ұпай берді, WhoScored – 5,5 ұпай.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жеті матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 ұпай жинап, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің Н тобындағы турнир кестесінде төртінші орында келеді.