Абай облысының орталығы атанған Семей қаласында жаңа стадионның іргетасы қаланады. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Жаңа стадион «Пищевик» спорт кешенінің орнына соғылады. Әзірге бар мәлімет бойынша, стадион таза футболға арналған, жүгіру жолағынсыз болады. Ал көрермендер саны 10 мың болмақ.