Бүгін Алматыда «Қайрат» пен санкт-петербургтік «Зенит» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч басталғанынан небәрі сегіз минут өткенде «Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло матчта есеп ашқанымен, командалар үзіліске 1:1 есебімен кетті - ресейлік клубтың жартылай қорғаушысы Александр Ерохин 35-минутта гол соқты. Екінші таймда Офри Арад қазақстандықтарды алға шығарғанымен, бразилиялық «Зенит» ойыншысы Густаво Мантуан матч соңында гол соғып, матч 2:2 есебімен аяқталды.

«Қайрат» – «Зенит» 2:2

Голдар: Жоао Пауло 8 (1:0), Александр Ерохин 29 (1:1), Офри Арад 70 (2:1), Густаво Мантуан 85 (2:2).