ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы 2024 жылғы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Нидерландқа қарсы матчта (2:1) ұлттық құрама сапында 41 және 42-голдарын соғып, Мишель Платиниден озды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 24 жастағы шабуылшы ұлттық құраманың сұрмергендері тізімінде төртінші орынға көтерілді. Ол Франция құрамасында 72 матчта 42 гол соқты.

Рейтингте бірінші орында Оливье Жиру тұр. Ол 54 гол соққан. Екінші орындағы Тьерри Анриде 51 гол бар. Үздік үштікті Антуан Гризманн (44 гол) түйіндеді.