Қазақстандық шабуылшы Диас Гусейнов «Номадпен» бір маусымға (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін) жарамды келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард кәсіпқой мансабында «Барыс» жүйесінде өнер көрсетті. 2023 жылы жазында Гусейнов Финляндияның екінші лигасында бақ сынайтын «Роки» командасына ауысты.

Аталған клубта ол алты кездесуге қатысып, бір шайба соқты.