ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті чемпионатында «Астана» өз алаңында ресейлік «Зенитті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» биылғы маусымда әлі ресми кездесу өткізген жоқ. Команда бірнеше жолдастық кездесу өткізіп үлгерді.

«Зенит» пен «Астана» кейінгі рет 7 қаңтарда ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кездесті. Ол кезде «Зенит» сырт алаңда 93:75 (30:15; 16:18; 23:22; 24:20) есебімен өте сенімді жеңіске жетті.

«Астана» – «Зенит» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады, qazsporttv.kz телеарнасында көрсетіледі.