14 қазанда Алматыда «Қайрат» пен санкт-петербургтік «Зенит» арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:50-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, командалар 2020 жылы жолдастық кездесу өткізген болатын. Ол кезде «Зенит» 3:1 есебімен жеңіске жетті.