«Әл Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Forbes журналы жариялаған әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшылар рейтингінде бірінші орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөзге сәйкес, 38 жастағы португалиялықтың саудиялық клубпен келісім-шарт бойынша табысы 200 миллион долларға бағаланады, ал Криштиану 60 миллион долларды жарнамалық келісімшарттардан алған.

2023 жылғы рейтингте бірінші орыннан Роналду ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені ығыстырып шығарды, ол қазір төртінші орында (110 миллион).

Ең көп жалақы алатын ойыншылар тізімінде екінші орынды «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Месси (135 миллион) иеленсе, «Аль-Хилалдың» шабуылшысы Неймар (112 миллион) үздік үштікті жапты.