Регби-15 бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WXV3 халықаралық турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасының өкілдерімен кездесіп, олардан 0:109 есебімен ұтылды.

Еске сала кетейік, қазақстандық регбишілер Испания, Кения, Фиджи, Колумбия және Ирландия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.