«Барыс» ҚХЛ тұрақты маусымының өз алаңындағы матчында Ярославльдің «Локомотивіне» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:0 (1:0, 1:0, 4:0) есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ярославльдік команда қатарында Даниил Бут (дубль), Павел Красковский (дубль), Максим Шалунов және Даниил Тесанов мергендік танытты.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қазан күні «Барыс» өз алаңында Магнитогорск қаласындағы Металлург командасын қабылдайды.