Transfermarkt порталы А Сериясының ең қымбат ойыншыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көш басында «Наполи» шабуылшысы Виктор Осимхен тұр. Оның трансферлік құны 120 миллион еуроға бағаланған.

Екінші орында «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес. Аргентиналық футболшының трансферлік құны 100 миллион еуроны құрайды. Үздік үштікті «Милан» вингері Рафаэль Ли түйіндеді. Футболшы 90 миллион еуроға бағаланды.

А Сериясының ең қымбат топ-10 ойыншысы:1. Виктор Осимхен («Наполи») − 120 млн евро;2. Лаутаро Мартинес («Интер») − 100 млн;3. Рафаэл Леау («Милан») − 90 млн;4. Хвича Кварацхелия («Наполи») − 85 млн;5. Николо Барелла («Интер») – 75 млн;6. Душан Влахович («Ювентус») − 70 млн;7-8. Алессандро Бастони («Интер») – 60 млн;7-8. Тео Эрнандес («Милан») − 60 млн;9-10. Федерико Димарко («Интер») – 45 млн;9-10. Федерико Кьеза («Ювентус») − 45 млн.