«Барселона» «Брайтон» вингері Каору Митомаға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Mundo Deportivo ақпараты бойынша, 26 жастағы ойыншы «Барселона» бапкерлері мен скауттарына дриблингі және мүмкіндіктер жасау қабілетімен ұнап отыр.

Сонымен қатар, «Барселонада» қазір сол қапталда ойнайтын вингер жоқ.

Дегенмен, қазіргі уақытта каталониялықтар тіреуші жартылай қорғаушымен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр, ал Митоманың трансфері 2024 жылы болуы мүмкін.