Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жек алдында көз түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын екінші рет қорғағалы отыр, ал Винченцо Гуальтиери белбеуін алғаш рет қорғайды, ол бұл атаққа биыл шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоды жеңіп, қол жеткізген. Екі боксшы да белбеу біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шыққалы отыр.

Әлімханұлы — Гуальтьери жекпе-жегін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесу Астана уақытымен 15 қазан, жексенбі күні таңертең 07:00-де басталады.