ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жаңа агент ізгеуге мәжбүр болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca мәліметінше, ұзақ жылдар бойы ұлының ісімен айналысқан анасы ФИФА лицензиясын алмаған және болашақта оның мүддесін қорғай алмайды.

Мбаппенің анасы ФИФА-ның лицензиясын алған агенттер тізіміне енбеген. Тиісінше, ол ұлының атынан келіссөз жүргізе алмайды.

Килиан Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Француз шабуылшысының клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген. Осы маусымда Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирде 8 матч өткізіп, 8 гол соқты.

Сегіз турдан кейін ПСЖ 15 ұпаймен Франция чемпионатының турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Фото: Stephane Mahe / Reuters