UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ПСЖ футбол клубының бастамасымен ашылғалы жатқан ММА-жобасын басқаруы мүмкін.

Le Parisian хабарлауынша, қазіргі таңда ПСЖ құрамында футбол және гандбол командалары бар. Алдағы уақытта бұл тізімге ММА-ден команда қосылуы мүмкін.

Мансабын аяқтаған Хабиб Нурмагомедов ПСЖ президенті Нассар Әл-Хелаифимен жақсы қарым-қатынаста.