2030 жылғы әлем чемпионатының финалы Испания астанасы Мадридте "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтуі мүмкін.

Футболдан 24-ші әлем чемпионатының негізгі ойындарын Испания, Португалия және Марокко мемлекеттері қабылдайды. Үш елде де финал өткізуге лайық алаңдар бар.

Алайда бірқатар шетелдік БАҚ ақтық сынның "Реал Мадрид" клубының "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтуі мүмкін екенін хабарлауда.