Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік желіде өзіне сезімін білдірген оқырманына жауап берді. Желі қолданушысы тұрмыстағы аруды ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Жансая Әбдімәлік Instagram желісінде сауалнама ашып, оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап бермек болған. Алайда, желі қолданушыларының бірі сауалын жолдаудың орнына, шахматшы аруға сезімін білдірген.

"Мен сені жақсы көремін", - деп жазған ол.

Тұрмыстағы Жансая Әбдімәлік бірден оған жауап қатты. Ол өз күйеуін жақсы көретінін жазған.