Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы кезекті тур ойындары басталады, деп хабарлайды Kazinform.

12 қазанда А, D, E, I топтарында ойындар өткізіледі.

Қызық кездесудің бірі А тобындағы Испания мен Шотландия құрамалары арасында болады деп күтіліп отыр.

Екі құрама А тобында көш басында тұр. Әзірге 15 ұпаймен Шотландия бірінші орында тұрса, Испания 9 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

Аталған ойын 12 қазаннан 13-не қараған түні сағат 00.35-те «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, бұл топта Кипр мен Норвегия кездесуі болады.

Ал D тобында Хорватия мен Түркия ( «Qazsport». 00:35), Латвия мен Армения, E тобында Фарер аралдары мен Польша, Албания мен Чехия шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, I тобында Андорра мен Косово, Беларусь пен Румыния, Израиль мен Швейцария ойнайды.