Жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман UFC 294 турнирінде Хамзат Чимаевпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек орта салмақта өтеді. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт мәлімдеді.

Хамзат Пауло Костамен кездесуді жоспарлаған. Бірақ ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. UFC 294 турнирі 21 қазанда Абу-Дабиде өтеді.

Усман мен Чимаев арасындағы жекпе-жек UFC 294 кешінің негізгі жекпе-жегі болады. Ал кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев пен Александр Волкановский кездеседі.

36 жастағы Усман ММА бойынша 23 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіс пен 3 жеңіліс тапқан. Чимаевтың статистикасы - 12 жекпе-жекте 12 жеңіс.