Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Әзірбайжанға қарсы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Матч туралы не айта аласыз?

– Өте қиын матч. Әзірбайжанның тамаша команда екенін білдік. Әр ойынның өз тарихы бар. Бастапқыда бұл соңғы матчтың жалғасы деп ойладық. Ойын басқаша болып шықты. Бізге қиын болды, бірақ жігіттер ойынды түбегейлі өзгерте алды.

– Ойынды қалай өзгерте алдыңыз?

– Біз өз тактикамыздан, өз ойынымыздан шет қалды. Сосын жігіттерге жиналуға кеңес бердім. Мықты команда жинақы ойнаса ғана өз ойынын таба алады. Соны жете түсініп, матч тағдырын түбегейлі өзгерте алды.

– Сізге атмосфера қалай ұнайды?

- Супер атмосфера. Өте керемет.

– Голландия құрамасы «Төлқұжат ісі» бойынша тергеу жүргізбекші және УЕФА-дан Қазақстан құрамасының натурализацияланған ойыншыларының жарамдылығын қарастыруды талап етті. Бұл туралы не ойлайсыз?

– Бізге әлі өтініш түскен жоқ. Күмәндануға негіз жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжан құрамасын 3:2 есебімен жеңген болатын.