ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті өз алаңындағы матчында астаналық «Барыс» Мәскеудің «Динамосын» буллит сериясында ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Мәскеулік клубтан Джордан Уал мен Никита Гусев гол соқты. «Барыс» сапында Әділ Бекетаев пен Райли Барбер мергендік танытты. Жеңіске жеткен буллиттің авторы Батырлан Мұратов болды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазан күні «Барыс» өз алаңында Ярославльдің «Локомотивін» қабылдайды.