21 қазан Әбу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінің басты жекпе-жегінде өзгеріс орын алды. Жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғайтын Ислам Махачевтың қарсыласы ауысып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ислам Махачев UFC 294-тің басты жекпе-жегінде бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы жұдырықтасу керек болған. Алайда Оливейра жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде оны жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы австралиялық спортшы Александр Волкановски алмастырды.

Махачев пен Волкановски осы жылдың ақпан айында алғашқы жекпе-жектерін өткізген еді. Кездесу төрешілердің шешімі бойынша Исламның жеңісімен аяқталды. Енді австралиялық спортшы үшін есесін қайтаруға таптырмас мүмкіндік туып тұрғаны анық.