Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (11-2-1, 10 KOS) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елеусінов 29 қазанда рингке оралады. Ол Стамбулдағы (Түркия) бокс кешінде Танзания өкілі боксшы Пиус Мпендамен (7-1, 4 Кос) кездеседі. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді, онда WBC Peace титулы сарапқа салынады.

Дәурен Елеусінов кейінгі кездесуін наурыз айында өткізді. Онда өзбекстандық Бахром Паязовты (22-22, 15 Кос) екінші раундта нокаутқа түсірді.