Әйгілі бұрынғы футбол қақпашысы, қазір ағылшындық «Оксфорд Сити Старс» хоккей клубында өнер көрсететін Петр Чех өз командасына «Стретхэмді» 3:2 есебімен жеңуге көмектесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петр Чех 64 соққының 62-сін қайтарып, кездесудің үздік ойыншысы деп танылды.

Бұрынғы ойыншы «Челси» сапында барлық жарыстарда 494 матч өткізген. Чех Лондонның Арсеналында 139 матчқа қатысқан. Қақпашы футболшы ретіндегі мансабын 2019 жылы аяқтады.

«Оксфорд Сити Старс» бұрынғы Челси және Арсенал қақпашысының хоккей мансабындағы үшінші клубы. Бұрын Чех Гилдфорд Феникс пен Челмсфорд Чифтейнсте ойнаған.