Қазақстан әйелдер құрамасының 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтетін командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі – Билли Джин Кинг кубогына қатысатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы келесі ойыншыларды іріктеп алды: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағандықова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Аустралия және Словения құрамаларымен В тобына енді.

Сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатының шешуші кезеңіне тағы тоғыз құрама қатысады: Швейцария (2022 жылғы Билли Жан Джин кубогының жеңімпазы), Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Германия және Польша (wild-card иесі).