Эстониялық «Смсрах» футзал клубының бас бапкері Владимир Йованович Ресей президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтағаны үшін жұмысынан босатылды.

Маман әлеуметтік желісінде Путинді туған күнімен құттықтап, сербтер мен орыстар мәңгі бауыр екенін жазған.

Алайда эстониялық клуб тарапынан қатаң жаза болды. Олар сербиялық маманды қызметінен босатып, соғыс жағдайында мұндай іс-әрекетінің дұрыс емес деп мәлімдеді.