«Қайрат» АФК ойыншысы Александр Дерябин Ресейдің МФК «Тюмень-Д командасына жалға берілді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.«Қайрат» академиясының түлегі саналатын Александр Дерябин 6 жасында (2010ж) «Қайрат» академиясына қабылданып, 2021 жылдан бері клубтың негізгі құрамында ойнап келді. Осы уақыт аралығында ол «Қайрат» жейдесімен 20-дан аса кездесуде алаңға шығып, 3 гол және 6 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Алматылық клубпен бірге ол 2021/22 және 2022/23 маусымында Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Ал Қазақстан жастар ( U19 ) құрамасы сапында 3 кездесу өткізіп, 2 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті.