Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 1/8 финалда эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Уэс Колхоф — Нил Скупски жұбынан 6:7, 4:6 жалпы есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу бір сағат 32 минутқа созылды.

Айта кетейік, 36 жастағы Александр қазір ATP жұптық рейтингінде 45-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже.