Еуразиялық жекпе-жек лигасы мен OLIMPBET бірлесіп ұйымдастырған OCTAGON OLIMPBET SELECTION 28 іріктеу турнирінде жартылай орта салмақта жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Октагонда екі қазақстандық файтер – 19 жастағы Тамирлан Жәкенов пен 18 жастағы Маятдин Зарафатдин кездесті.

Кездесудің басында Жакенов басымдық танытып, бірнеше тура соққы жасады. Бірақ күтпеген жерден оның 18 жастағы қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты.