Ламин Ямал «Гранада» қақпасына гол соғып, Ла Лигада рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

«Барселона» жартылай қорғаушысы бірінші таймның қосымша уақытында гол соқты.

Ямаль Испания чемпионатында гол соққан ең жас футболшы атанды. Ол 16 жаста (87 күн).

Ламин 2012 жылы «Малага» мен «Сельта» арасындағы матчта гол соққан Фабрис Олингтің (16 жас 98 күн) жетістігін озды.