Халықаралық Лусаил автодромында Формула 1 Катар Гран-приі аяқталды. Оның жеңімпазы Red Bull шабандозы Макс Ферстаппен атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәреге екінші болып Оскар Пиастри («Макларен») жетті. Ландо Норрис (McLaren) үшінші орын иеленді. «Мерседес» шабандозы Джордж Рассел төртінші орын алды.

Катар Гран-приі. Жарыс:

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл»)2. Оскар Пиастри («Макларен»)3. Ландо Норрис («Макларен»)4. Джордж Расселл («Мерседес»)5. Шарль Леклер («Феррари»)6. Фернандо Алонсо («Астон Мартин»)7. Эстебан Окон («Альпин»)8. Валттери Боттас («Альфа Ромео»)9. Серхио Перес («Ред Булл»)10. Гуаньюй Чжоу («Альфа Ромео»)