«Реал Мадрид» пен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің статистикасы бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналдудан жақсырақ екені көрсетілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-Экспресс» сайтына сілтеме жасап.

Мадридтік команда сапындағы алғашқы он матчта Роналду 10 гол соғып, бір нәтижелі пас берген, ал 20 жастағы Беллингем 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Еке салайық, Беллингем мадридтік команда сапына биыл жазда қосылған болатын.